Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 726,4 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 484,1 мың адам (66,6%), ауыл тұрғындары – 242,3 мың адам (33,4%).

Халықтың табиғи кемуі 2024 жылғы қаңтар-наурызда -44 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың табиғи өсімі 113 адамды құрады).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 2118 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 0,1% көбейді), қайтыс болғандар саны 2162 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 7,9% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -625 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – -354 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -25 адам теріс көші-қон айырмасы (53), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -600 (-407 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2024 жылдың 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 9715 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,5% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 376519 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 14,6% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 104,2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 218530 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,5%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 107,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-cәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 855790,5 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 12,6%, сумен жабдықтауда, су бұру, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 2,1% өсті.

2024 жылғы қаңтар-cәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 72 481,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-cәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 2182,2 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 86,1% құрады.

Жолаушы айналымы 541,7 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 88,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 60115,2 млн.теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 118,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,1% өсіп, 68,9 мың шаршы метрді құрады. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 7,6% (20,6 мың шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 161408,6 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 107,6% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 14966 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14 609 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 658 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11 303 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12 209 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-cәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,0% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4470598,5 млн. теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 48,5%, қызметтер көрсету – 44,5% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың cәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,0% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%, азық-түлік емес тауарлардың – 3,1%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 6,9% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,0% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-cәуірде бөлшек сауда көлемі 327128,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 225985,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 319,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34,7% азайды, оның ішінде экспорт –144,4 млн. АҚШ долларын (13,2% азайды), импорт – 174,9 млн. АҚШ долларын құрады (45,8% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    29.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-ші тоқсандағы 1-ДК (автожүктер) "Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп" (тоқсандық) статистикалық нысаны бойынша іріктемеге...

  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-сауда «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (айлық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі ...

Онлайн кеңесші