Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 2145,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 530,3 мың адам (24,7%), ауылдықтар – 1614,9 мың адам (75,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 10633 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 11031 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылғандар алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,1% кем, өлгендер 4,8% артық тіркелді.

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 7592 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -2978 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 133 адам оң көші-қон айырмасы (105 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – 7725 (-3083 адам).

Еңбек және табыс
2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 41,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9% құрады. 2024 жылғы 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 39530 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,7% болып қалыптасты. 2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 284373 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 10,3% құрады. 2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 101,4% болып қалыптасты. 2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 103516 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,3% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 6,8%.
Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 362556,7 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,2% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 10,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 7,9% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 10,9% кеміді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 175649,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 100,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 7569,3 млн. ткм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 93,2% құрады.

Жолаушы айналымы 468 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 101,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 53670,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 106,9% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 21,7% өсіп, 200,4 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 29,3 есе (28,9 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлер – 4% (170,2 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 1,3 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 178395,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 124,6% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 18147 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5,3% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 109 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16394 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 15742 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14378 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8% өсті.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4166425,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 40,4%, қызметтер көрсету – 52,6% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 1,7% өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,2% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 80799,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 38863,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 56,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 50,7% азайды, оның ішінде экспорт – 15,2 млн. АҚШ долларын (83,4% азайды), импорт – 41,7 млн. АҚШ долларын құрады (75,3% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру
    12.04.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы сұхбатшылардың тізімі

  • Хабарландыру
    26.12.2023

    ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті  РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауын бойынша Түркістан қаласы...

Онлайн кеңесші