Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 788,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 446,8 мың адам (56,7%), ауылдықтар - 341,7 мың адам (43,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 695 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 910 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 2558 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,9% азайды), қайтыс болғандар саны 1863 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 8,1% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -153 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда–-388 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 742 адам көші-қонның оң айырмасы (66 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы -895 адам ( -454 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 20,2 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 6877 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,6% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 313253 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 14,4% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 104,6% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 185806 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 16,6% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 4,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 592686,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,5% аз.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8,7% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 4,7% азайды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 37,1%, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 16,4% өсуі байқалды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 107595,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 99,5% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 8172,6 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 92,2% құрады.

Жолаушы айналымы 390,7 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 101,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 25285 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 131,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 21,5% төмендеп, 166,4 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 26,5% (73,2 мың шаршы метр), пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 24,2% (84,6 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 114204,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 61,6% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 14859 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,2% азайды, оның ішінде 14522 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12289 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11956 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11616 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3685297,6 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 99,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 52,3%, қызметтер көрсету – 40,7% құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,7% құрады.

Азық-түлік тауарларға бағалар 2,3%, азық-түлік емес тауарларға – 2,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,3% өсті.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуір бөлшек сауда көлемі 121956,8 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% жоғары.

2024 жылғы қаңтар-сәуір көтерме сауда көлемі 160089,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 117,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 28,3% азайды, оның ішінде экспорт – 43,4 млн. АҚШ долларын (15,3% азайды), импорт – 74,5 млн. АҚШ долларын құрады (34,2% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    15.05.2024

    Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

    2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар...

  • Құрметті респонденттер!
    25.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-Т (еңбекақы) "Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп" (жылына бір рет) нысаны бойынша іріктеме зерттеулерге енгізілген респонденттер тізімі осы парақтың төменгі жағында «Статистикалық...

Онлайн кеңесші