Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге Ақтөбе облысы халқының саны 941,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 706,4 мың адам (75%), ауыл тұрғындары – 235,4 мың адам (25%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 3095 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3256 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 4487 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 4,2% азайды), қайтыс болғандар саны 1392 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда сәйкес 2,5% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 735 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -133 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 155 адам оң көші-қон айырмасы (201), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -890 (-334 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 21,8 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 9884 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,2% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 345949 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 16,1% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 106,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 178929 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 21% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 9,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 831532,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 12,3% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 25,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 25,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 16,9% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 84960,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 100,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 13586,6 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 91,5% құрады.

Жолаушы айналымы 1045,9 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 97,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 53191,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 130,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәурде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 13,2% өсіп, 231,7 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 42,1% (114 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 8,4% (113,7 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 187201,8 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 94,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 19608 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,4% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 19220 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14880 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 14493 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16752 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,5% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуір 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4717853,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 0,3% азайды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 46,6%, қызметтер көрсету – 53,4% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 103,9% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,9%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,3% өсті.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2024 жылғы сәуірде 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,4% түсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 222411,8 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 426799,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 415,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 27,2% артық, оның ішінде экспорт – 133,6 млн. АҚШ долларын (0,8% көбейді), импорт – 282,4 млн. АҚШ долларын құрады (45,2% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Сауда статистика басқармасы
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуір айына "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" 2-сауда нысаны бойынша іріктемеге түскен кәсіпорындар тізімі

    Тапсыру мерзімі - есептік кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса...

  • Қызмет көрсету статистикасы басқармасы
    22.04.2024

     
    2024 жылдың 2 тоқсанына 1-ДК (автожүктер) (тоқсандық) «Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп»  нысаны бойынша каталогқа енген...

Онлайн кеңесші