Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 527,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 258,5 мың адам (49%), ауылдықтар – 269 мың адам (51%).

Халықтың табиғи кемуі 2024 жылғы қаңтар-наурызда -319 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – -184 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 1254 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,9% азайды), қайтқандар саны 1573 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3,8% көбейді).

Көші-қонның айырмасы теріс қалыптасып, -2290 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – -542 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда теріс айырма– -1238 (+116) адам, ішкі көші қонда – -1052 адам (-658).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 13 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар саны 5464 адамды құрады, немесе жұмыс күшінің санына 1,9% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 270252 теңгені құрады, 2023 жылғы I тоқсанға өсім 12,1% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 102,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 175911 теңгені құрады, бұл 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 12,5% жоғары, аталған кезеңдегі нақты ақшалай табыстың өсім қарқыны – 1,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 228820,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 8,6% көп.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 11,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 0,6% өсті, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 13,6%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 7,9% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылу көлемі 53889,5 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 102,5% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 3239,8 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 86,2% құрады.

Жолаушы айналымы 203,9 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 89,1%.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 17942,5 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 100,6% құрады.   

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 14,9%-ға өсіп, 40,9 мың шаршы метрді құрады, одан көппәтерлі үйлерде – 1,5 есе (7,6 мың шаршы метр). Сонымен бірге, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9%-ға (33,3 мың шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112288 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 134,7% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдайға 11404 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,7% көбейді, соның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 11146 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 9705 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 9447 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 8594 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,1% көбейді.

Экономика

2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60% аса көлемін құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 2229,3 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 0,1% азайды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 46,6%, қызмет көрсету – 46,4% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірде, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 103,4% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 2,8%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 5,8% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы сәуірде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,1% көтерілді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 114393 млн. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% көбейді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 144807 млн. теңгені, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 139,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8% азайды, оның ішінде экспорт – 24,1 млн. АҚШ долларын (41,1% азайды), импорт – 115,8 млн. АҚШ долларын құрады (4,2% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    30.04.2024

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2024 жылғы сәуірдегі 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық...

  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    Құрметті респонденттер!

     

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2024 жылғы 2 тоқсандағы 1-ДК (автожолаушылар) (тоқсандық) «Автомобиль...

Онлайн кеңесші