Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    120561096,4 млн.
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (алдын ала деректер бойынша) 120561096,4 млн.теңгені құрады
    5,1%
    ЖІӨ алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті
    16,2%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (16,2%), Алматы қаласында (10,1%) және Атырау облысында (9,7%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (20,6%), Атырау облысы (12,4%) және Астана қаласы (10,7%) алды.

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың. теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 120 561 096,4 100,0 105,1 6 058,3 х
    Абай 3 034 101,7 2,5 105,8 4 983,1 12
    Ақмола 3 685 297,6 3,1 99,9 4 676,7 13
    Ақтөбе 4 717 853,1 3,9 99,7 5 052,4 11
    Алматы 4 974 850,1 4,1 102,4 3 276,2 16
    Атырау 14 950 418,3 12,4 109,7 21 401,2 1
    Батыс Қазақстан 4 811 055,6 4,0 108,4 6 965,6 6
    Жамбыл 3 108 407,6 2,6 101,7 2 547,1 19
    Жетісу 1 923 707,9 1,6 116,2 2 754,6 18
    Қарағанды 8 449 346,4 7,0 100,1 7 443,5 5
    Қостанай 4 613 160,6 3,8 102,4 5 550,6 10
    Қызылорда 2 860 036,6 2,4 105,6 3 414,0 15
    Маңғыстау 4 866 995,3 4,0 103,0 6 263,7 7
    Павлодар 4 346 514,0 3,6 102,2 5 761,2 9
    Солтүстік Қазақстан 2 229 282,3 1,8 99,9 4 189,5 14
    Түркістан 4 166 425,1 3,5 102,2 1 955,5 20
    Ұлытау 1 949 728,3 1,6 99,3 8 802,1 4
    Шығыс Қазақстан 4 470 598,5 3,7 103,1 6 135,4 8
    Астана қаласы 12 874 957,1 10,7 105,4 9 247,0 3
    Алматы қаласы 24 828 705,8 20,6 110,1 11 310,4 2
    Шымкент қаласы 3 699 654,5 3,1 105,6 3 064,8 17

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6058,3 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (21401,2 мың теңге), Алматы қаласы (11310,4 мың теңге) және Астана қаласы (9247,0 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Жетісу (2754,6 мың теңге), Жамбыл (2547,1 мың теңге) және Түркістан (1955,5 мың теңге) облыстары алды.

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2023ж. қаңтар-желтоқсан

    ЖІӨ-нің өсуіне Алматы қаласы (1,76 п.т.), Атырау облысы (1,28 п.т.) және Астана қаласы (0,47 п.т.) ең үлкен үлес қосты.

    Динамикалық кестелер:
    Еңбек өнімділігі

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 11461,4 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 4,6%-ға өскенін көрсетті.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz, a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші