Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі тұстары

    Қазақстандағы ОДМ және Ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар мониторингі үшін биоэнергетика жөніндегі деректерді нығайту жөніндегі Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) жобасы шеңберінде 2023 жылғы 12-25 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) бес жылда бір рет өткізілетін "Үй шаруашылықтарындағы энергияны тұтынуды зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша іріктемелі зерттеу жүргізді. Зерттеуге 11 944 үй шаруашылығы қатысты, оның ішінде 6520 қалалық және 5424 ауылдық жерлерде.

    Зерттеу интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы кезінде сауал салу әдісімен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында және барлық облыстарда жүргізілді.

    Электрондық кестелер
    Үй шаруашылықтарының тұрғын үй жағдайларының сипаттамасы және тұрғын үйді абаттандыру
    Үй шаруашылықтарын белгіленген жылу оқшаулау типі және жергілікті жердің типі бойынша бөлу
    пайызбен
    2022 жыл

    Тұрғын үйді жылыту жылуды сақтау мен энергияны үнемдеудің маңызды құралдарының бірі болғанымен, тұрғын үйді жылыту пайызы қалаларда да, ауылдарда да төмен болып отыр. Барлық үй шаруашылықтарының тек 17,7%-ы ғана жылуды оқшаулаудың кем дегенде бір түрі орнатылған. Қалалық жерлерде тұрғын үй-жайлардың 13,2%-ы жылуды оқшаулаудың кем дегенде бір түрін орнатты, ал ауылдық жерлерде олардың үлесі 27,7%-ды құрады.

    Жылуды оқшаулаудың ең көп таралған түрі – ғимараттардың қабырғалары мен қасбеттері арқылы жылуды оқшаулау. Жылытудың бұл түрі республика бойынша үй шаруашылықтарының 49,3%-да, оның ішінде қалалық жерлерде – 52%, ауылдық жерлерде - 46,4%-да орнатылған.

    Жылуды оқшаулаудың кем дегенде бір түрі орнатылған үй шаруашылықтары арасында 21,4%-ы едендері мен іргетасы жылытылған үйлерде, ал 17,2%-ы шатыры жылытылған үйлерде тұрады. Қалалардағы үй шаруашылықтары арасында 20,9%-ы едендері немесе іргетасы жылытылған үйлерде және 12,2%-ы жылытылған шатыры бар үйлерде тұрады. Ауылдық жерлерде едендері мен іргетасы жылытылған үйлердің үлесі 21,9% және жылытылған шатыры – 22,5%-ды құрады.

    Үй шаруашылықтарын орнатылған жылыту жүйесінің типі бойынша және жергілікті жердің типі бойынша бөлу
    пайызбен
    2022 жыл

    Іріктемелі зерттеудің қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 56,6%-ы орталықтандырылған жүйеге және 43,4%-ы дербес жылытуға қосылған. Қалалық жерлердегі барлық үй шаруашылықтарының 73,4%-ы орталықтандырылған қалалық жүйеге қосылған, ал 26,6%-ы жеке жылу жүйелерін пайдаланады. Ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтарының көпшілігі (80,9%) өз үйлерін автономды жүйелер арқылы жылытады, тек 19,1%-ы ғана орталықтандырылған желілерге қосылған.

    Үй шаруашылықтарын автономды жылыту үшін пайдаланатын оын түріне қарай бөлу, жергілікті жердің типі бойынша
    пайызбен
    2022 жыл

    Республика бойынша үй шаруашылықтарының көпшілігі жеке жылыту жүйелеріндежағу үшін отынның негізгі түрі ретінде табиғи газды (40%) және көмірді (28%) пайдаланады. Қалалық тұрғындар арасында тас көмірді (41,7%), табиғи газды (33,3%) және отынның бірнеше түрінде жұмыс істейтінаралас жүйені (22,7%) пайдалану жиі кездеседі.Ауылдық жерде табиғи газ үйлердің 44,9%-ында жылыту үшін негізгі энергия көзі ретінде пайдаланылады, ал көмір үйлердің 17,8% -ында, үй шаруашылықтарының 35,6% - ы отынныңбірнеше тұтынатын жылыту жүйелерін пайдаланады.

    Үй шаруашылықтарын тамақ дайындау үшін пайдаланылатын отын түріне қарай бөлу, жергілікті жердің типі бойынша
    пайызбен
    2022 жыл

    Тамақ дайындау үшін үй шаруашылықтары (73,9%) негізінен қазба көздерін жағудан алынған энергияға сүйенеді – жиынтық, табиғи газ, сұйытылған пропан, бутан және көмір. Сонымен қатар, тамақ дайындауға арналған барлық жабдықтардың 41,6% - ы электр құрылғыларына тиесілі. Қалалық жерлерде осындай электр плиталары мен пештер үй шаруашылықтарының 46,6% - у пайдаланылды, ал ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтарының 50,2% - ы тамақ дайындау үшін табиғи газды қолданды.

    Үй шаруашылықтары пайдаланатын жарықтандыру шамдарын типтеріне қарай бөлу*
    пайызбен
    2022 жыл
    *Қонақ бөлме мен ас үйдегі жарықтандыру шамдары ескеріледі.

    Үй шаруашылығында қолданылатын барлық жарықтандыру шамдарының 65,8%-ы энергияны үнемдейтін шамдар – жарықдиодты және флуоресцентті шамдарға жатады. Сонымен қатар, ауылдық және қалалық жерлерде жарықтың 42,8% және 22,9%-ы сәйкесінше қыздыру шамдары арқылы өндіріледі. Қалалық және ауылдық жерлерде шамдардың ең көп таралған түрі – жарықдиодты шамдар, барлық қолданылатын шамдардағы олардың үлесі сәйкесінше 68,7% және 56,4% құрады.

    Үй шаруашылықтарының отын мен энергияны тұтынуы
    Отын және энергия түрлері бойынша үй шаруашылықтарының жылдық тұтынуының жалпы көлемі
    Барлығы Жергілікті жердің типі бойынша
    қалалық жер ауылдық жер
    Тас көмір, тонна 7 312 097,9 3 532 559,9 3 779 538,0
    Табиғи газ, мың. текше.м. 5 160 522,5 2 370 324,2 2 790 198,3
    Пропан және сұйытылған бутан, мың. литр 506 958,5 169 920,7 337 037,8
    Электр энергиясы, ГВт. сағ 14 328,2 9 500,8 4 827,4
    Отын, мың. текше м. 3 548,7 1 445,4 2 103,3
    Ағаш қалдықтары, тонна 7 881,5 1 376,4 6 505,1
    Агломерацияланғанды қоса алғанда, ағаш көмір,і тонна 1,7 1,7 -
    Жануарлардың қалдықтары (көң), тонна 20 088,4 - 20 088,4
    Сабан, тонна 9,9 - 9,9

    Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан бойынша тас көмірді жылдық тұтыну 2022 жылы 7312,1 мың тоннаны құрады. Оның 3532,6 мың тоннасы (48,3%) қалалық жерлерде үй шаруашылығында, ал 3779,5 мың тоннасы (51,7%) ауылдық жерлерде пайдаланылды.

    2022 жылы бүкіл ел бойынша үй шаруашылықтарының табиғи газды тұтынуы 5160,5 млн.текше метрді құрады. Табиғи газдың жартысынан көбі ауылдық үй шаруашылықтарында – шамамен 54,1% және 45,9% қалалық үй шаруашылықтарында пайдаланылды.

    Есепті жылы үй шаруашылықтарының электр энергиясын тұтынуы 14328,2 ГВт.сағат құрады. Электр энергиясын тұтынудың көп бөлігі (66,3%) қалалық жерлердегі үй шаруашылығына тиесілі болды және 9 500,8 ГВт.сағат құрады, ал 2022 жылы ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтары электр энергиясын екі есе аз пайдаланды (4827,4 ГВт.сағат).

    2022 жылы үй шаруашылықтарының сұйытылған газды тұтынуы 507 миллион литрді құрады, оның үштенекісінауылдық жердің тұрғындары пайдаланды. Ұқсас жағдай биоотынды тұтынуға байланысты қалыптасты - 3,5 млн м3-дің ағаштарды жалпы тұтынудың 59,2% және ағаш қалдықтарын пайдаланудың жалпы көлемінен 82,5% ауылдық жерлерде пайдаланылған. Жануарлар қалдықтарын және сабанды тұтыну негізінен ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтарына келеді, сәйкесінше –20,1 мың тонна және 9,9 тонна.

    Үй шаруашылықтардың көлік құралдары

    2022 жылы үй шаруашылығына тиесілі көліктің ең көп таралған түрі жеңіл автомобиль болды. Үй шаруашылықтарының жалпы санында көлік құралын пайдаланатынжардың үлесі 31% -. құрады, оның 96,2% - ы жеңіл автокөлікке ие. Қалалық және ауылдық жерлерде үй шаруашылықтарының үлесі біркелкі бөлініп, сәйкесінше 96,1% және 96,3% құрады.

    Жүк көліктеріне иелік ету пайызы 1,8% құрады. Қалалық жерлерде үй шаруашылықтарының ішінде олардың үлесі 1,6%, ал ауылдық жерлерде 2,1% құрады.

    Барлық көліктер арасында мотоциклдер мен мопедтердің үлесі 1,6% құрады. Мотоциклдер мен мопедтер қалалық жерлерде ауылдық жерлерге қарағанда кең таралған – олардың үлесі сәйкесінше 1,8% және 1,1% құрады.

    Үй шаруашылықтарының көлік құралдары отынына орташа шығысын бөлу
    литрмен
    2022 жыл

    2022 жылы үй шаруашылығындағы ең үнемді көлік мопедтер мен мотоциклдер болды, 100 шақырымға орташа отын шығыны сәйкесінше 2,8 және 3,9 л құрады. Жеңіл автомобильдердің орташа шығыны 100 км-ге 10,9 л құрады. Жүк көліктері 100 км-ге ең көп отын жұмсады-19 л. Ауылдағы жүк көліктері де, жеңіл көліктер де қалаларға қарағанда үнемді болды, ал қалалық мотоциклдер отынды салыстырмалы түрде аз тұтынды.

    Глоссарий

    Үй шаруашылығы-өз табыстары мен мүлкін толық немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен қызметтерді бірлесіп тұтынатын, бірлесіп тұратын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Қазақстан Республикасында отын мен энергияны тұтыну бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу республиканың барлық облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5 жылда бір рет іріктемелі әдіспен жүргізіледі.

    Зерттеудің мақсаты үй шаруашылықтарының отын мен энергияны тұтыну, түпкілікті пайдалану санаттары (жылыту, салқындату, жарықтандыру, тамақ дайындау, суды жылыту, электр құралдарын пайдалану) және энергия көздері (отын, электр энергиясы, жаңартылатын энергия көздері) бойынша деректерді жинау болып табылады.

    Зерттеу бірліктері-үй шаруашылықтары.

    Бұл құжатта алынған деректерді бас жиынтыққа тарата отырып, 11 944 үй шаруашылығының отын мен энергияны тұтынуын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша деректер қамтылған.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    А.Абдикаримова
    Тел. +7 7172 749336
    E-mailma.abdikarimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші